Кезекті есеп беру және сайлау конференциясы өтті
Бүгін «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының кезекті XХХІХ (39-ыншы) есеп беру - сайлау конференциясы болды.
Конференция жұмысына облыстық Саяси кеңес мүшесі Есқалиева Гүлнар Бабабекқызы, «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасы Әжікенов Ержан Ертарғынұлы, облыстық және аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері, Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері қатысты.
Конференцияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының 2021 – 2022 жылдарында атқарылған жұмыстары туралы;
2023 жылдың 17 қыркүйегінде өтетін Айдарлы ауылдық округінің әкімін сайлауына партия атынан ұсынылған кандидатты бекіту туралы;
«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамын сайлау туралы;
«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезекті ХХХІІ конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер қаралды.
Конференцияны «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасы Әжікенов Ержан Ертарғынұлы ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық партия филиалының консультанты Б.Ахметов филиалдың 2021 – 2022 жылдары бойынша атқарылған ауқымды жұмыстар жайлы кең көлемде есеп берді.
Конференция барысында Саяси кеңесінің және Саяси кеңесі мүшелерінің құрамына өзгерістер еңгізіліп, 2023 жылдың 17 қыркүйегінде өтетін Айдарлы ауылдық округінің әкімі сайлауына партия атынан ұсынылған кандидат дауыс беру арқылы бекітілді. Қызылорда облыстық филиалының кезекті XXХII (32-ші) есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды.
Сондай-ақ конференция соңында жаңадан партия қатарына қабылданған азаматтарға партиялық билеттер табысталды.