«Аmanat» партиясы Cырдария аудандық филиалының кезектен тыс конференциясы болды
«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалында партия филиалының кезектен тыс ХХХVІІ конференциясы болды. Конференцияның күн тәртібінде төмендегідей 3 мәселе қаралды:
1. «Amanat» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасын сайлау туралы.
2. «Amanat» партиясы Сырдария аудандық филиалы Саяси кеңесі құрамына өзгерістер енгізу туралы.
3. Ақжарма ауылдық округі әкімінің сайлауына партия атынан ұсынылатын кандидатты бекіту туралы.
Партияның аудандық филиалының кезектен тыс конференциясының жұмысына партияның Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов сонымен қатар, бастауыш партия ұйымының төрағалары, партия белсенділері, партия ардагерлері, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері мен «Жастар Рухы» ЖҚ өкілдері қатысты.
Кезектен тыс конференцияны аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Жақып Еркебұлан Төлепбергенұлы ашып, жүргізді. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағалығына Әжікенов Ержан Ертарғынұлының кандидатурасы ұсынылып, конференция делегаттары ашық дауыс беру арқылы бірауыздан қолдау тапты.
Өз кезегінде сөз алған партияның аудандық филиалының төрағасы Ержан Ертарғынұлы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқаруға және алдағы уақытта барша партияластарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамы делегаттардың ашық дауыс беру нәтижесі бойынша жаңартылды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша конференция делегаттары Ақжарма ауылдық округі әкімінің сайлауына партия атынан кандидат ретінде Ешмұратов Ерлан Қуанышұлының кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Жиын соңында сөз алған облыстық партия филиалының төрағасы Наурызбай Сейітқалиұлы жаңа төрағаның жұмысына сәттілік тілеп, тұрғындардың сапалы өмір деңгейін арттырудағы партия жұмысына тоқталып өтті.