Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Тәуелсіздік – ең ұлық мереке

Тәуелсіздік – ең ұлық мереке

Ата-бабамыз найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған қасиетті жерімізді ардақтап, қорғау – парызымыз. Біз аға ұрпақ өкілдері тәуелсіздіктің қалай келгенін жақсы білеміз және азаттықты бағалаймыз. Өз басым ұлы дала елінің кең байтақ жерінде туып, топырағында аунап өскеніме өте қуанамын. Ашық аспан астында, бейбіт елде, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ауылдың тұрғыны болғанымды мақтан етемін.

Биыл Іңкәрдария ауылының құ­рыл­­ғанына 60 жыл болды. Осынау жыл ішінде ауыл тарихымен бірге жасап келе жатқанымызды шүкіршілік етеміз. Қойнауы ырысқа толы мекенде қаланған әрбір шаңырақ пен онда орнаған шаттықтың куәсі болдық. Ел Тәуелсіздігін алған шақта ауыл тұрғындарының қуанышында шек болмады. Әрине, 33 жыл тарих үшін аз уақыт болуы мүмкін. Дегенмен осы жыл ішінде ауылымыз гүлденіп, айтарлықтай жетістікке жеттік. Жаңадан салынған ғимараттар ауыл­дың ажарын ашып, халықтың әл-ауқаты көтеріліп, еңбектің жемісін көруде.

Азат еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік мерекесі – мерекелердің төресі! Қазір­гі жақсы жағдайымыз, бейбіт елде өмір сүріп жатқанымыздың бәрі осы Тәуелсіздігіміздің арқасы.

Барша ауылдастарымды, аудан тұр­ғындарын айтулы мерекемен құт­тықтаймын!

Әбдіразақ БАЙМАНОВ,
Іңкәрдария ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы
14 желтоқсан 2024 ж. 193 0