Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлік пен ынтымақтан бастау алған мереке

Бірлік пен ынтымақтан бастау алған мереке

Ұлтымыздың ең ұлық мерекесі – Республика күнімен барша сырдариялықтарды құттықтаймын. Республика күні – азаттықтың алтын қазығын қаққан күн. Еліміздің Егемендігі туралы декларация қабылданған күн қасиетті Тәуелсіздігіміздің бастауы.

Расында, біздің барлық жетістігіміз берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтан басталған. Бұл – бірлігі жарасқан ұлт, мықты мемлекет болудың негізі. Елде тұрақтылық болмаса, ешқандай даму болмайтыны белгілі. Өкінішке қарай, көптеген елдер алауыздық пен түрлі жанжалдың кесірінен тоқырауға ұшырап отыр. «Бірлік бар жерде ғана тірлік бар». Бүгінде елімізде көптеген реформалар жүзеге асып жатыр. Әрине бұл – ең алдымен, халқымыздың тұтастығы мен бірлігінің арқасы. Қазақстандықтардың таңдаған жолы – өркендеу мен даму жолы. Бүгінде оның жемісін барша халқымыз көруде.

Күні кеше республика күні қарсаңында Астанада өткен салтанатты іс-шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ІІІ дәрежелі «Барыс» орденін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевқа тапсырды. Бұл облыс әкіміне еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін берілген награда. Бұл Сыр халқының берекеге ұйысқан тату тәтті тірлігінің ортақ жемісі, алған бағасы. Сондықтан Сыр жұртшылығы ұлық мерекені лайықты қарсы алуда.

Мұса КЕЛДІБАЕВ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
25 қазан 2024 ж. 113 0