Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы №106 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сот Әкімшілігі туралы ереженің 6-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының" 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілді.
Апостиль - құжатқа қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы қағаз немесе электрондық нысандағы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба.
"Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтін Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі және оның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалаларда және астананың аумақтық бөлімшелері көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" арқылы қағаз тасығышта не "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz арқылы электронды түрде, не Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігінің кеңсесі арқылы апостиль қоюға өтінішті "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бірге береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде берілген.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәсілдері:
1) "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы;
3) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өтініштері бойынша Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
- порталда-1 (бір) жұмыс күні;
- облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне - 1 (бір) жұмыс күні;
- Мемлекеттік корпорация филиалдарының басқа бөлімдеріне - 5 (бес) жұмыс күні;
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) апостиль қою үшін ұсынылатын сот органдарынан шығатын ресми құжат;
4) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат (салыстыру үшін);
5) көрсетілетін қызметті алушының тегінің, атының, әкесінің атының өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Портал арқылы жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық өтініш;
2) апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электрондық көшірмесі;
3) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметті алушының тегінің, атының, әкесінің атының ауысқанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Егер азаматтық хал актілерін тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, жеке басты куәландыратын, тегін, атын, әкесінің атын өзгерткенін растайтын құжаттар туралы, сондай-ақ мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Н.Б.Дүйсенбаева
Сырдария аудандық сотының
іс жүргізу инспекторы