АПОСТИЛЬ МӨРТАҢБАСЫН ҚОЮ
Апостиль қою рәсімінің мақсаты – Гаага конвенциясына қатысушы елдердің аумағында қолданылатын түрнұсқалығы мен құжаттарға апостиль қоюды тиісті түрде ресімдеуді қамтамасыз ету.
1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан (апостиль) қойылады. Конвенцияның 5-бабына орай, апостиль қолдардың түпнұсқалылығын, құжатқа қол қойған адамның кiм екендiгiн және тиiстi жағдайларда бұл құжат бекiтiлген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады. Апостильге қойылған қол, мөр немесе мөртаңба ешқандай растауды немесе заңдастыруды талап етпейдi және бұл құжатты Гаага конвенцияға қосылған барлық мемлекеттерде пайдалануға болады.
Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті сот органдарынан шығарылатын ресми құжаттарға апостиль қою өкілеттігіне ие мемлекеттік орган болып табылады.
Сондай-ақ, 2017 жылдың 12 қазанында Мемлекеттік қызмет тізіліміне енгізілген өзгерістерге сәйкес «Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшілігі» РММ-сі «Сот органдарынан шыққан ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құжаттарды қабылдауға және беруге уәкілетті. Құжаттарды апостильдеуге өтінім түскеннен кейін Соттар әкімшісінің жауапты қызметкері сот органдарынан шыққан ресми құжаттың шынайылылғын, қол қоюшының қолының сәйкестігін, соттың мөртабанының түпнұсқаға сәйкестігін, арнайы үлгілерге қарап, тексереді.
Осы мемлекеттік қызмет түрін пайдалану үшін арнайы үлгідегі арыз, жеке басыңызды куәландыратын құжат көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқамен қоса ұсыну қажет), апостильдеуге тиіс сот органдарынан шыққан ресми құжат, мемлекеттік қызмет пайдаланушы үшінші тұлға болған жағдайда арнайы ностариуспен куәландырылған сенімхат, қызмет пайдаланушының тегі, аты немесе әкесінің аты ауыстырылған жағдайда оны куәландыратын құжат көшірмесі (түпнұсқа тексеру жасау үшін табысталады), мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек қажет.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес, Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға уәкілетті мемлекеттік органдардың апостиль қою үшін мемлекеттік баж салығы АЕК-тің (2525 теңге) 50 пайызы мөлшерінде әр құжат үшін 1262 тенге 50 тиыналынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімдері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 239 бұйрығымен бекітілген.
Азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануға құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Р.Сүлейменова,
Сырдария аудандық сотының кеңсе меңгерушісі