Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Апостиль мөртаңбасын қою – жеңілдетілген заңдастыру

Апостиль мөртаңбасын қою – жеңілдетілген заңдастыру

Апостиль мөртаңбасын қою – жеңілдетілген заңдастыру немесе «апос-тильдеу» деп аталады. Апос­тиль қою рәсімінің мақсаты – Гаага конвенциясына қатысушы елдердің аумағында қолданылатын түрнұсқалығы мен құжаттарға апостиль қоюды тиісті түрде ресімдеуді қамтамасыз ету.

Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті сот органдарынан шығарылатын ресми құжаттарға апостиль қою өкілеттігіне ие мемлекеттік орган болып табылады. Сондай-ақ, 2017 жылдың 12 қазанында Мемлекеттік қызмет тізіліміне енгізілген өзгерістерге сәйкес «Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшілігі» РММ-сі «Сот органдарынан шыққан ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құжаттарды қабылдауға және беруге уәкілетті. Құжаттарды апостильдеуге өтінім түскеннен кейін Соттар әкімшісінің жауапты қызметкері сот органдарынан шыққан ресми құжаттың шынайылылғын, қол қоюшының қолының сәйкестігін, соттың мөртабанының түпнұсқаға сәйкестігін, арнайы үлгілерге қарап, тексереді. Осы мемлекеттік қызмет түрін пайдалану үшін арнайы үлгідегі арыз, жеке басыңызды куәландыратын құжат көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқамен қоса ұсыну қажет), апостильдеуге тиіс сот органдарынан шыққан ресми құжат, мемлекеттік қызмет пайдаланушы үшінші тұлға болған жағдайда арнайы ностариуспен куәландырылған сенімхат, қызмет пайдаланушының тегі, аты немесе әкесінің аты ауыстырылған жағдайда оны куәландыратын құжат көшірмесі (түпнұсқа тексеру жасау үшін табысталады), мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек қажет.

Азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануға құқылы. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Ж.Сырғабаева,
Сырдария аудандық сотының
бас маман – аға сот жасауылы
21 желтоқсан 2020 ж. 391 0