Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Апостиль - бұл құжаттарды заңдастырудың тәсілі

Апостиль - бұл құжаттарды заңдастырудың тәсілі

Апостиль - бұл құжаттарды заңдастырудың тәсілі. Апостиль, шет мемлекеттік құжаттарға, басқа мемлекеттік органдарға оларды ұсынғанда заңды күшін береді. Басқаша айтқанда Қазақстан Республикасының ресми түрде берілген құжаттың шет мемлекет аймағында заңды күшін беруі үшін қолданылады. Апостильді растау, құжат берілген мемлекетте ғана рәсімделеді, демек Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары арқылы қазақстандық құжаттарға ғана қойылады.

«Апостиль» мөртабаны қою (кейде бұл рәсімді «жеңілдетілген заңдастыру» немесе «апостильдеу» деп аталады) 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвециясына қосылған, консульдық, заңдастыру талаптарының күшін жоятын және жеңілдетілген заңдастыру рәсімін енгізетін елдерге құжаттар жолдау кезінде - «апостиль» мөртабанын қою қолданылады.

Бір жағынан апостильдеу мейлінше жылдам және оны тек бір өкілетті орган қоюына, ал екінші жағынан құжаттың Гаага конвенциясына қосылған барлық елдердің аумағында заңды күшіне ие болуына байланысты жеңілдетілген деп аталады.

Егер сіз құжатты дайындаған ел Гаага конвенциясына қатыспаса, оны консулдық заңдастыру қажет болады. Бұл айтарлықтай күрделі рәсім, ол құжатты ҚР Әділет министрлігінде, ҚР СІМ органдарында, бұдан кейін ҚР баратын елдің консулдылығында куәландыруды талап етеді. Бұл жерде құжат консулдық белгісі бар елдің аумағында ғана заңды күшіне ие болады.


Конвенцияның 5-бабына сәйкес, апостиль қолдардың түпнұсқалығын, құжатқа қол қойған адамның кім екендігін және тиісті жағдайларда бұл құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын куәландырады. Апостильге қойылған қол, мөр немесе мөртаңба ешқандай растауды немесе заңдастыруды талап етпейді және бұл құжатты Гаага конвенцияға қосылған барлық мемлекеттерде пайдалануға болады.

Ерлан Тілеубай,
Сырдария аудандық сотының жетекші маманы
03 қыркүйек 2021 ж. 454 0