Апостиль мөртаңбасын қою
«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті және оның облыстардағы Ресми құжаттарға апостиль қою - бұл құжатқа қол қойған адамның қолының және оның өкілеттіктерін растауының, сондай-ақ осы құжатты басатын мөрдің немесе мөртаңбаның шынайылығы тексерілетін процесс. Сот органдары шығарған апостильді құжаттар шет елдерге жіберілуге жатады және бір жағынан мемлекет имиджінің көрінісі болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы қағаз тасығышта не «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz арқылы электронды түрде апостиль қоюға өтінішті «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап порталда 1 (бір) жұмыс күні;
облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне 1 (бip) жұмыс күні;
басқа Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне 5 (бес) жұмыс күні;
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өтініштері бойынша 10 (он) жұмыс күні.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 (он бес) минут; Қызмет көрсетуді күтудің рұқсат етілген ең Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Құжатқа қол қойған тұлға қолының түпнұсқалығын куәландыратын және оның өкілеттілігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба – апостиль қойылған құжат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге дайын екендігі туралы хабарлама не бас тарту себептері көрсетілген жауап жіберіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну нысаны: Қағаз түрінде.
Қазіргі уақытта «әділет органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы онлайн режимінде алуға болады.
Меңдігүл Асан,
Сырдария аудандық сотының баспасөз хатшысы
Сырдария аудандық сотының баспасөз хатшысы