Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Суық су ағзаны зақымдайды

Суық су ағзаны зақымдайды

Адам денсаулығына судың пайдалы екені жиі айтылады. Адамның ағзасының 65 пайызы судан тұратыны мәлім. «Тәулігіне кем дегенде 2 литр су ішу керек» деген кеңесті де көп естиміз. Неліктен осыншама мөлшерде су тұтыну қажет екенін мамандар кеңесі арқылы анықтаған едік.

Адам ағзасындағы түрлі тұздар мен токсиндерді шығару үшін жеткілікті мөлшерде су ішу керек екен. Бұл әсіресе жұқпалы аурулар мен улану болған жағдайда пайдалы. Сонымен қатар адамның терісі де өз қалпын сақтап қалуы үшін ағзадағы судың мөлшері маңызды. Асқазанның дұрыс жұмыс істеуі де, ішектің қызметі қалыпты болуы да суға байланысты. Байқасаңыз суды аз мөлшерде тұтынатындар түрлі ауруға бейім келеді. Бас аурудың да себебі осы судың мөлшеріне қатысты екені дәлелденген.

Енді негізгі мәселе – судың, дәлірек айтқанда, салқын судың зияны жөнінде айта кеткенді жөн көрдік.

– Суық суды тұтыну адам денсаулығына зиян. Өйткені ол асқазан мен ішкі құрылысты салқындатып, аз уақытта ауруға әкеледі. Күннің ыстығында мұздатқышқа су қойып, соны тұтынатын адамдар бар. Бұл дұрыс емес. Тамағынан бастап, бронхқа суық тигізіп алудың салдары созылмалы дертке шалдығуға әкеледі. Сондықтан ыстық күнде де жылы сұйықтық ішуге кеңес беремін. Жалпы ағзадағы артық су жүрек пен бүйрекке салмақ түсіреді, ал аз мөлшерде су ішу бас ауруға, әлсіздікке әкеледі. Өте ыстық сұйықтық ішу асқазанның ойық жарасына ұшыратады, – дейді дәрігер.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
Фото: Ашық дереккөзден
19 қараша 2024 ж. 271 0