Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Салқын су тұтыну ағзаға қауіпті

Салқын су тұтыну ағзаға қауіпті

Адам денсаулығына судың пайдалы екені көп айтылады. Адамның ағзасының 65 пайызы судан тұрады. Күніне кем дегенде 2 литр су ішу керек деген кеңесті де көп естиміз. Неліктен осыншама мөлшерде су тұтыну қажет екенін мамандар кеңесі арқылы түсіндік.

Адам ағзасындағы түрлі тұздар мен токсиндерді шығару үшін жеткілікті мөлшерде су ішу керек екен. Бұл әсіресе жұқпалы аурулар мен улану болған жағдайда пайдалы. Сонымен қатар адамның терісі де өз қалпын сақтап қалуы үшін ағзадағы судың мөлшері маңызды. Асқазанның да дұрыс жұмыс істеуі де, ішектің қызметі қалыпты болу жағдайы да суға байланысты. Байқасаңыз суды аз мөлшерде тұтынатындар түрлі ауруға бейім келеді. Бас аурудың да себебі осы судың мөлшеріне қатысты екені дәлелденген.
Енді негізгі мәселе – судың, дәлірек айтқанда салқын судың зияны туралы айталық.

– Суық суды тұтыну зиян. Өйткені ол асқазан мен ішкі құрылысты салқындатып, аз уақытта ауруға әкеледі. Күннің ыстығында мұздатқышқа су қойып, соны тұтынатын адамдар бар. Бұл өте дұрыс емес. Тамағынан бастап, бронхқа суық тигізіп алудың салдары созылмалы дертке шалдығуға әкеледі. Сондықтан ыстық күнде де жылы сұйықтық ішуге кеңес беремін. Жалпы ағзадағы артық су жүрек пен бүйрекке салмақ түсіреді, ал аз мөлшерде су ішу бас ауруға, әлсіздікке әкеледі. Өте ыстық сұйықтық ішу асқазанның ойық жарасына ұшыратады, – дейді дәрігер.

Бибісара ЖАНӘЛІ
08 шілде 2020 ж. 1 044 0