Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «Тереңөзек тазалығы» мекемесінің қысқа дайындығы пысықталды

«Тереңөзек тазалығы» мекемесінің қысқа дайындығы пысықталды

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергеновпен бірге «Тереңөзек тазалығы» мекемесінің қысқы маусымға дайындық жұмыстарының барысымен танысты.

Аудан басшысы мекеменің материалдық-техникалық базасын көріп, қыс мезгілінде пайдаланылатын арнайы техникалардың жағдайы мен дайын болуына назар салды.

Бүгінде мекеме теңгерімінде 8 бірлік арнайы техника бар. Олар қар тазалау, қалдықтарды уақытылы тасымалдау және коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін толық жарақтандырылған. Әр техниканың қозғалыс бөліктері, гидравликалық жүйелері, отын-энергетикалық жабдықтары, доңғалақтары мен қосалқы бөлшектері тексеріліп, қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қолайсыз ауа райы кезінде көшелер мен жаяу жүргіншілер жолына себуге 250 тонна құм және 25 тонна тұз әзірленген.

Аудан әкімі қысқы маусымда тұрғындарға сапалы коммуналдық қызмет көрсету, көшелерді дер кезінде қардан тазарту және қауіпсіздікті сақтау – мекеменің басты міндеті екенін атап өтіп, тиісті сала мамандарына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

07 желтоқсан 2025 ж. 24 0