Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Облыс орталығында Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындарға тиімді бағамен сапалы өнімдер ұсынылды.

Жәрмеңке Қызылорда қаласындағы Д.Қонаев пен Е.Әуелбеков көшелерінің қиылысында өтті.

Іс-шараға Сырдария ауданынан 42 көлікпен жалпы 105 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілді.

Сауда алаңында ет және сүт өнімдері, күріш, ұн, бақша дақылдары, жеміс, көкөніс, картоп, жуа және өзге де күнделікті тұтынуға қажетті тағам түрлері нарық бағасынан төмен бағамен ұсынылды.

Жәрмеңкеге ауданға қарасты ауылдық округтердің тауар өндірушілері, жеке қожалықтар қатысты.

Жәрмеңкеде халыққа арзан әрі сапалы өнімдер ұсынылып, тұрғындардың күнделікті тұтынатын азық-түлікке деген сұранысын қамтамасыз етуге айтарлықтай мүмкіндік жасалды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

07 желтоқсан 2025 ж. 20 0