Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Рейд жұмыстары жүргізілді

Рейд жұмыстары жүргізілді

Аудан көлемінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізілді.

Іс-шара барысында түнгі уақытта ойын-сауық орындары, саябақтар мен қоғамдық демалыс аймақтары тексерілді. Сонымен қатар, ата-аналар мен жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Айта кету керек, мұндай рейдтік жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табуда. Барша ата-аналарды балаларының қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырамыз.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

07 желтоқсан 2025 ж. 505 0