Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бет күтімі: минералды су

Бет күтімі: минералды су


Адам ағзасы 90 пайыз судан тұратыны бәрімізге мәлім. Су ағзадағы химиялық процесстер мен зат алмасу қызметіне көмектеседі. 
Адам ағзасы 90 пайыз судан тұратыны бәрімізге мәлім. Су ағзадағы химиялық процесстер мен зат алмасу қызметіне көмектеседі. 

Су адам денсаулығы үшін маңызды. Сонымен қатар минералды суды косметология құралы ретінде пайдалануға болады. 

 Краннан ағатын судың таза емес екені белгілі. Оның орнына бетіңізді минералды сумен жусаңыз, бетіңіз тазарып, сергіп қалады. Құрамында тұзы көп минералды су майлы, ұсақ тесікті, аралас типті терінің жылтырын кетіріп, тесіктерін тарылтып, май бездерінің қызметін қалыпқа келтіреді. Ал құрғақ не қалыпты теріні күту үшін жер асты не минералы аз суды пайдаланған жөн. 

 Бұл процедураларды таңертең жасау керек. Ал кешке минералды суды макияж сүртетін тониктің орнына пайдаланыңыз. 

 Минералды суды мұздатып, жуынатын кезде пайдаланыңыз. Минералды мұз әжімдерді жазып, тамырдың кеңеюінің алдын алады. Қандай да бір маска жасау кезде судың орнына минералды суды пайдалануыңызға болады. 

 Кешке бетті тазартып, майлы иісмайды қалың етіп жағыңыз. Түкті сүлгіні ыстық минералды суға салып, бетке қойыңыз. Ол суыған соң, мұздай суға салынған түкті сүлгіні бетке қою керек. Бұл процедураны 5 рет қайталаңыз.

28 тамыз 2018 ж. 1 349 0