КОНГО ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБА АУРУЫНАН САҚТАНАЙЫҚ!
2018 жылдың 5 айында 45 кене шағу жағдайлары тіркеліп медициналық бақылауда болды, Конго Қырым геморрагиялық қызба ауруы тіркелген жоқ.
Аудан бойынша Конго Қырым геморрагиялық қызба ауруына қолайсыз елді мекендер саны 10. (Аманкелді, Жетікөл, Айдарлы, Бесарық, Шіркейлі, Н.Ілиясов, Шаған, Ақжарма, Іңкардария, А.Тоқмағанбетов).
Конго Қырым геморрагиялық қызба ауруын тасымалдаушы кенелер болып табылады. Ауру қоздырғыш вирустарын сақтауда дала тышқандардың кірпінің ролі ерекше. Олар вирустарды қансорғыш кенелерге, ал кенелер басқа хайуанаттарға, олар қайта кенелерге, жұқтыратыны белгілі.
Кененің шағуы арқылы берілетін жұқпалы аурулар басым жағдайда жыл мезгілінің көктем жаз айларында кездеседі. Саяжайда демалғанда , мал шаруашылығымен айналысатын адамдар, мал қырқу кезеңдерінде сақтық шараларын пайдаланбаған кезде аталмыш ауруымен науқастанады.
Кененің шағуын байқау мүмкін емес, өйткені кене өз денесінен арнайы ферменттер бөліп, шаққан орнын жансыздандырады. Тек 2-3 күн өткеннен кейін ғана кене жабысқан жер қызарып ауыра бастайды.
Вирус адам ағзасына өткеннен кейін көпке дейін білінбей өсіп қан тамырларын зақымдайды.
Кейбір кенелердің ағзасында өмір бойы сақталатын қауіпті жұқпалы ауруларды тарататын вирустар кездеседі. Осы вирустардың кене арқылы адам ағзасына енуі салдарынан өте қатерлі аса қауіпті Конго Қырым геморрагиялық қызба ауруы дамиды.
Конго Қырым геморрагиялық қызба ауруының алғашқы белгілеріне келетін болсақ, кене шаққан орны маңындағы лимфа түйіндерінің үлкейіп ауруы, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бас ауруы, теріде бөртпелердің пайда болуы, көздің айналасының қызаруы, тістерінен, мұрыннан, асқазаннан, ішектен қан кетеді. Терісінде ине шаншыған немесе шымшыған жерлерде бірнеше минут ішінде терісі көгеріп, ауру белгілері пайда болады.
Ағзаның қанды ұйыту қабілеті бірте-бірте жоғалып, адам қансырау салдарынан мерт болуы мүмкін.
Сақтану шаралары:
О.СӘРСЕМБАЙ,
Сырдария аудандық қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасының бас маманы

- Табиғат аясында, саяжайда демалған сәттерде, кенеден сақтану, яғни денеге кенелер енбейтіндей киіну, кене үркітетін репеленттер пайдалану.
- Мал қырқу кезінде міндетті түрде арнайы киіммен жұмыс атқару.
- Жануарлардағы кенелерді жалаң қолымен жұлып алмау.
- Кене шаққан орынды йод немесе спиртпен залалсыздандыру.
О.СӘРСЕМБАЙ,
Сырдария аудандық қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасының бас маманы