Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АДАМНЫҢ АМАНДЫҒЫ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

АДАМНЫҢ АМАНДЫҒЫ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ


Жаз мезгілінің келуімен адам өміріне қауіп төндіретін түрлі жағдайлардың орын алатыны белгілі. Сол үшін жауапты салалар өздерінің жұмысын ширатып, қауіпті сейілту, алдын алу шараларын пысықтауға көшті.
Жақында әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Б.Лекеровтің төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия оты­рысы болып, оған тиісті сала басшылары мен мамандары қатысты.

Соңғы 3 жылда аудан бойынша 10 адам суға ағып кеткен. Оның 6-ы бала. Сондықтан суға түсу маусымының басталуына байланысты аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алған. Суға түскенде, су жағасында демалғанда қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы видеоролик дайындалған. Сонымен бірге каналдардың жағасына тақтайшалар орнатылып, мамандарды арнайы оқудан өткізу жұмыстары қолға алынғандығы жөнінде сала басшысының міндетін атқарушы Н.Бақтияр айтып өтті.
Үстіміздегі жылдың 13 мамыр күні кент тұрғыны Б.Қ-ның денесі «Қаракөл» каналынан табылған. Қазір аудандық ішкі істер бөлімі анықтау жұмыстарын жүргізуде.
Адам өміріне қауіп төндіретін, халықты материалдық шығындарға ұшырататын жағдайлардың бірі – өрт. Өрт – тілсіз жау дейтіні содан болар. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері бірлесіп үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген. Жыл басынан бері 30 рет дабыл бойынша бөлім қызметкерлері 5 өрт оқиғасына, 25 рет өртке жатпайтын жану оқиғасына шыққан. Аудан көлемінде 228 өрт гидранты бар. Оның ішінде Тереңөзек кентінде 103, оның 95-і жарамды, 8-і жарамсыз. Ал, елді-мекендерде 125 өрт гидранты бар, барлығы жарамды күйде. Жақында А.Тоқмағамбетов ауылында орын алған дала өртінен ауыл шетінде орналасқан үйлерді өрт гидрантының жұмыс істеп тұруы арқасында аман алып қалдық,-дейді сала мамандары.
Қазіргі таңда қиындық тудырып тұрған авариялық құтқару жұмыстарының дабыл бойынша шығысы. Себебі бөлім теңгерімінде 1 дана қол сорғысы аралас кескіш (комбинированный резак с ручным насосом) қана бар. Аталған құрылғы тек кесу үшін ғана арналған. Сондықтан құрылғы басқа да жұмыстарды атқара алмайды. Жоғарыдағы жағдай іс-жүзінде дәлелденіп отыр. Атап айтсақ: 2017 жылдың 24 қыркүйегінде Батыс Еуропа-Батыс Қытай автодәлізінде Шаған ауылының тұсында орын алған жол көлік оқиғасында мәйітті шығарып алу үшін кескіш құралдарының көмегімен жеңіл автокөліктің темір төбе жабындысын кесіп ашты. Алайда, автокөліктің алдыңғы тақтасы (панель) және мотор бөлігі қысып қалған. Әрі қарай мәйітті шығарып алуға гидравликалық көтергіштің немесе кергіштің көмегі қажет болып, Қызылорда облысы ТЖД «ОӨАЖҚЖ»-ның қызметкерлері келіп, бөлім қызметкерлерімен бірлесіп гидравликалық көтергіштің көмегімен мәйітті шығарып алған.
Бұл жайлы №7 өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары Қ.Шарафаддинұлы хабарлама жасады.
Кенеден де келетін кесел көп. Оның қауіптілігі сонша кей жағдайларда адам өлімімен аяқталатын жағдайлар да болады.
Үшінші мәселе бойынша хабарлама жасаған аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Ұзақбаев Конго Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына қолайсыз елді-мекендер қатарына 10 ауыл кіргізілгендігін атап өтті. Қазірдің өзінде кесте бойынша көктемгі кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталған.
Аудан бойынша 2017 жылдың бес айында кене шағу бойынша 32 адам дәрігер көмегіне жүгінсе, 2018 жылдың осы уақытқа дейін 43 адамды кене шаққан. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда жоғары. Жоғарыда аталған аурумен адамдардың ауыру қаупі де жоғары. Сондықтан адамдар барынша сақ болғаны абзал.
Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары Б.Лекеров тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріп, әсіресе жаз айларында құтқару жасақтарын құру, ол үшін арнайы маманды оқыту, балалар арасында мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыру, белгіленбеген орындарда суға түсудің қауіптілігін түсіндіру, тиым салу, кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының барынша тиімді орындалуын бақылауды тапсырды.

С.СҰЛТАНҚЫЗЫ
22 мамыр 2018 ж. 1 032 2

Гость JeaOrer от 17 ақпан 2019 14:58
Amoxicillin In Cerebrospinal Fluid Mail Order Direct Stendra Website Free Shipping buy cialis online Cialis Original De La India Buy Ciprofloxacin Hydrochloride Ophthalmic Solution

Гость JeaOrer от 8 наурыз 2019 04:52
How To Last Longer Men meilleurs prix generique levitra forum Levitra 10 Mg Opiniones