Еліміздің бірлігін айқындайды

Тәуелсіздіктің символы болған республика күні мерекесі халықтың бірлікті сақтау және Әділетті Қазақстанды құру жолындағы ынтымақтастыққа деген ұмтылысын көрсетеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болу керек», деген болатын.
Бүгінде татулықты ту еткен еліміздің бағындырған белестері, алған асулары көп. Биылғы жылы айрықша аталып өтіп жатқан ұлық мереке барлық жақсылықтың бастауы болғай!
Әрбір өңірде мерекеге орай түрлі іс-шаралар өтуде. Биыл ауданда «Алтын күз» ауыл спортшыларының облыстық спартакиадасы өтеді. 37-рет жалауын көтеретін спорт додасында сырдариялықтарға жеңіс тұғырынан көрінуге тілектеспіз.
Ұлмекен ЖАНӘЛИЕВА,
аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы