Ұлттық мереке қайта жаңғырды
Республика күні араға 13 жыл салып қайта оралды. Бүгін, 25 қазан елдің түкпір-түкпірінде барша халық ұлттық мейрамды тойлап жатыр, деп хабарлайды sputnik.kz.
Мереке тарихы
Мереке тарихы
Мерекелер күнтізбесіне енген 25 қазан кездейсоқ таңдалған жоқ. Дәл сол күні 1990 жылы "Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан құжат болатын.
Декларацияда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Сонымен қатар алғаш рет ел аумағының тұтастығы, қазақ халқының және басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету, ұлттық болмысты қалыптастыру әрі нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекітілді.
Осы декларацияның арқасында ҚазКСР өз ішкі әскерін, мемлекеттік қауіпсіздік пен ішкі істер органдарын құру құқығын алды. Ал президент елдің басшысына айналды.
Республика күні "ұлттық мереке" болып алғаш рет 1995 жылы 18 қазанда жарияланған еді. Алайда ғұмыры ұзаққа бармады: алты жылдан кейін бұл мәртебеден айырылып, "мемлекеттік мереке" санатына өтті.
Ал 2009 жылы сәуірде "Мерекелер туралы" заңға өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, Қазақстанда Республика күні аталып өтпейтін болды.
"Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек", - деген болатын Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында.
Президенттің тапсырмасы көп ұзамай орындалды. Парламент заң қабылдап, Тоқаев оған қол қойды. Осылайша 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні болып белгіленді. Ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болып өзгерді.
Айта кетері, заңға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, Республика күні – елдегі жалғыз ұлттық мейрам.
"Республика күнін күллі ел болып жаңа мазмұнда атап өтеміз"Жуырда Ақордада Республика күніне орай өткен салтанатты жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлімдеді.
"Биылдан бастап Республика күні – ұлттық мереке. Енді бұл мейрамды күллі ел болып жаңа мазмұнда атап өтетін боламыз. Қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам", - деді мемлекет басшысы.
Осы орайда Тоқаев "азаттық Қазақстанға кездейсоқ бұйырды" дейтіндерге де жауап берді.
"Қазақта "Егемен болмай, ел болмас" деген терең мағыналы сөз бар. Кейде "Азаттық Қазақстанға кездейсоқ бұйырды, еліміз тәуелсіздігін ең соңғы болып жариялады" деген біржақты, үстірт тұжырымдар айтылып қалатыны жасырын емес. Бұл – сол кездегі жағдайды дұрыс бағамдай алмаған адамдардың сөзі. Шын мәнінде, егемендікке бастайтын қасиетті жолды халқымыз ұзақ жылдар бойы жүріп өтті", - деді ол.
Президент Егемендік декларациясын халықтың жан-жақты және ұзақ жылғы күресінің нәтижесі деп атады.
Декларацияда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Сонымен қатар алғаш рет ел аумағының тұтастығы, қазақ халқының және басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету, ұлттық болмысты қалыптастыру әрі нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекітілді.
Осы декларацияның арқасында ҚазКСР өз ішкі әскерін, мемлекеттік қауіпсіздік пен ішкі істер органдарын құру құқығын алды. Ал президент елдің басшысына айналды.
Республика күні "ұлттық мереке" болып алғаш рет 1995 жылы 18 қазанда жарияланған еді. Алайда ғұмыры ұзаққа бармады: алты жылдан кейін бұл мәртебеден айырылып, "мемлекеттік мереке" санатына өтті.
Ал 2009 жылы сәуірде "Мерекелер туралы" заңға өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, Қазақстанда Республика күні аталып өтпейтін болды.
Қайта жаңғырған мейрам
Биыл маусым айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан – Республика күнін қайтаруды ұсынды. Мемлекет басшысы оған "ұлттық мейрам" мәртебесін беру қажет екенін мәлімдеді."Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек", - деген болатын Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында.