Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Алкоголь өнімін сағат 21:00 ден кейін сатқан үшін әкімшілік айыппұл салынды

Алкоголь өнімін сағат 21:00 ден кейін сатқан үшін әкімшілік айыппұл салынды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен азаматша Қ.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

27 тамыз 2024 жылы азаматша Қ. өзінің азық-түлік дүкенінде этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатын алкоголь өнімін сағат 21:00 ден кейін сатқан.

«Этил спиртімен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 9-бабының төртінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес бөлшек саудада мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда, сондай-ақ жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінде, жолаушылар тасымалдайтын теңіз көлігі кемелерінде, жолаушылар пойыздарының вагон-мейрамханаларында өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін сағат 23-тен келесі күнгі 8-ге дейін этил спиртінің отыз пайыздан асатын көлемдік үлесімен сағат 21-ден келесі күнгі 12-ге дейін өткізуге тыйым салынады.

Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.


Сот қаулысымен құқық бұзушы Қ. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200-бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде оған алкоголь өнімдерінің бөлшек саудасымен айналысуға тиісті қызмет түріне берілген лицензияның қолданысын 1 ай мерзімге тоқтата тұрып, 103 376 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
20 қыркүйек 2024 ж. 118 0