Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан

Рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен  азамат Ш.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен Сырдария ауданы, Аманкелді ауылында орналасқан азық-түлік дүкеніне тексеру жүргізу барысында, мемлекеттік лицензиясы жоқ арақ - шарап өнімдері сату мақсатында сақтауда тұрғандығы анықталған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Ш. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 64 610 теңге айыппұл салынып, құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған алкоголь өнімдері мемлекет пайдасына тәркіленді. 

Сырдария  аудандық сотының баспасөз қызметі

Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
20 қыркүйек 2024 ж. 236 0