Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алкоголь өнімінің көтерме және бөлшек саудасымен айналысушылар үшін

Алкоголь өнімінің көтерме және бөлшек саудасымен айналысушылар үшін


01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енген «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) көтерме және бөлшек саудада алкоголь өнімін өткізушілер үшін өзгерістері мен толықтыруларын түсіндіреміз.
Бұрын алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер, тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылғы 20 шілдеге дейін төлейтін.
Ал, 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Салық кодексіне сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияны пайдаланғаны үшін алымның орнына төлемақыға ауыстырылды.
Салық кодексінің 588 бабына сәйкес төлемақы төлеушілер төлемақы сомаларын өзінің тұрған жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын төлейді. Егер есепті салықтық кезеңде лицензияны пайдалану кезеңі бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөлу және бір жылда лицензия пайдаланылған (толық немесе толық емес) айлардың тиісті санына көбейту жолымен айқындалады. Бұл ретте лицензия алу кезінде төлемақы төлеу жөніндегі міндеттеме лицензия алған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап туындайды.
Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай төлемақы төлеу күніне қолданыста болатын еселенген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде айқындалады және мыналарды құрайды:
Алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу, әрбір қызмет объектісі үшін – 200 АЕК.
Алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу, қызметті мыналарда жүзеге асыратын субъектілерге әрбір қызмет объектісі үшін: 1) Астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында – 100 АЕК;  2) басқа да қалалар мен кенттерде – 60 АЕК; 3) ауылдық елді мекендерде – 20 АЕК.
Лицензияны пайдаланғаны үшін төленетін төлемақыны төлеу үшін басқа бюджеттік сыныптама бекітілетін болады. Бұл жөнінде төлеу мерзімі келгенге дейін қосымша хабарлаймыз.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 9 бабының 3 тармағының 6 тармақшасына сәйкес  этил спирті мен алкоголь өнімі айналымының және олардың оны өзгертудің шарттарына есепке алу-бақылау маркаларының қорғау элементтерін айқындайтын және есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалауға жататын алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларынан ақпаратты оқитын аспаптары болмаса сақтауға және өткізуге тыйым салынады.
Есепке алу-бақылау маркаларынан ақпаратты оқитын аспаптары болмаған жағдайда, ҚР ӘКБтК-нің 282 бабының 3 тармағының 6 тармағына сәйкес құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болып табылған акцизделетiн тауарлар тәркiлене отырып, 50 ден 600-ге дейін айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
           
Р. Кайсариев,
Қызылорда қаласы бойынша 
Мемлекеттік кірістер басқармасының 
бас маманы
06 ақпан 2018 ж. 986 0