Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Азық-түлік бағасы бақылауда

Азық-түлік бағасы бақылауда

Аманкелді ауылдық учаскелік полиция капитаны Е.Бекмағанбетов ауылдағы азық-түлік дүкендерін аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Дүкен егелеріне түнгі сағат 23:00-ден кейін спирттік ішімдіктер сатуға және кәмелеттік жасқа толмаған оқушылар мен балаларға спирт өнімі мен темекі бұйымдарын сатуға тиым салу туралы түсіндірме жұмыстары жасалды.

Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу – лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады

Алкоголь өнiмiн сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткізген жағдайда- лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Аманкелді ауылдық округі әкімдігі
21 қыркүйек 2022 ж. 255 0