Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыз су сапасына жүргізілетін мониторинг нәтижелері анықталды

Ауыз су сапасына жүргізілетін мониторинг нәтижелері анықталды

Сырдария ауданы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық саласында негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

Ауыз су эпидемиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және жағымды органолептикалық қасиеттерге ие болуы тиіс. Ауыз судың эпидемиялық тұрғыдан қауіпсіздігі оның микробиологиялық, паразитологиялық көрсеткіштері бойынша нормативтерге сәйкес болуын айқындалады. Сырдария ауданы тұрғындарын орталықтандырылған ауыз су жүйесімен 100% қамтамасыз етілген. Жалпы аудан бойынша негізінен жер асты су көздерін пайдалануда. Бүгінгі таңда Сырдария ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бақылауында 17 сумен жабдықтау обьектілері бар, барлығы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай.


2024 жылы санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде микробиологиялық және санитариялық – химиялық көрсеткіштер бойынша 76 ауыз су сынамасы алынып сәйкессіздік анықталған жоқ. Бұл мониторинг жұмыстары өз кезегінде жалғасын табады.
19 ақпан 2024 ж. 224 0