Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Ішер суымыз таза ма?

Ішер суымыз таза ма?

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бақылауында 17 орталықтандырылған ауыз су нысандары бар. 2022 жылы барлық орталықтандырылған ауыз су жүйелері ерекше тәртіп бойынша жоспарлы тексерумен толық қамтылды. Тексеру барысында анықталған кемшіліктер бойынша тиісті шаралар көріліп, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, нұсқама орындалды.

«Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №ҚР ДСМ-193/2020 бұйрығына сәйкес, 2023 жыл әр айда бекітілген кестеге сәйкес ауыз суға мониторинг жүргізілуде. Микробиологиялық және санитарлық-химиялық зерттеуге қантар айында ауыз су сынамалары алынып, сәйкессіздік анықталған жоқ.

Бақылау жұмыстары әлдеде жалғасын табады.

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық 
бақылау басқармасы
27 ақпан 2023 ж. 354 0