Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық сотта қаралған істер саны артқан

Аудандық сотта қаралған істер саны артқан

Апта ағымында Сырдария аудандық сотының төрағасы Руслан Алдамбергенов 2023 жылдың 12 айының қорытындысына байланысты баспасөз конференциясын өткізген болатын. Баспасөз конференциясына аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Сәуле Сыздықова, арнайы БАҚ өкілі, сала мамандары қатысты.

Өткен жылды қорытындылаған аудандық сотының төрағасы Руслан Алдамбергенов атқарылған жұмыстарға тоқталды. Жалпы, статистикалық мәліметке сүйенсек, есепті кезеңде 76 адамға қатысты 58 қылмыстық іс қаралған. Оның ішінде, 58 адамға байланысты 44 іс бойынша үкім шығарылған. Ал 11 адамға қатысты 10 іс тоқтатылып, 3 іс соттылығы бойынша жолданған. Сонымен қатар 4 тұлғаның 2 ісі прокуратураға кері қайтарылған. 2 жекеше қаулы қабылданып, 1 іс біріктірілген. 2022 жылдан қалдық 3 іс қалғаны мәлім.

– 2023 жылдың 12 айында аудандық сотқа 467 талап қою және 9 іс түскен. Барлығы – 351 азаматтық іс қаралғаның айта кетейін. Аталған статистикалық мәліметке сүйенсек, 38 іс бойынша сот бұйрығы, 121 шешім қабылданып, 168 іс өндірістен тоқтатылған. Ал 23 іс қараусыз қалдырылған және 1 іс соттылығы бойынша жолданған. Сондай-ақ 2 жеке ұйғарым қабылданған. 2022 жылмен салыстырғанда түскен талап қоюлар мен істердің саны – 64 болып, 15,8 пайызға, қаралған істердің саны 54 іске, яғни 18 пайызға көбейген. 2023 жылдың 12 айында соттың өндірісіне 284 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс түсіп, 1 іс өткен жылдан қалдыққа қалған. Түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің ішінде 12 іс біріктіріліп 268 адамға қатысты осынша іс қаралған. Сонымен қатар 199 адамға әкімшілік жаза қолданылғанымен, 69 адамға тоқтатылған. Есепті мерзімде 19 жекеше қаулы қабылданған. Аудандық сотқа келіп түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің саны 2022 жылға қарағанда 93-ке жетіп, 49 пайызға қаралған іс саны 79 іске жетіп, 42 пайызға артқан. Татуласу тәртібімен 7 азаматтық іс, партисипативтік рәсім тәртібімен 2 азаматтық іс, медиаторлардың қатысуымен 158 азаматтық іс, 41 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс, 10 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталған. Өз кезегінде сот қарауына келіп түскен барлық іс аудио-бейне жазба арқылы қаралған. Және де, әкімшілік құқық бұзушылық туралы және қылмыстық іс толықтай электронды нұсқада түскен – деді Сырдария аудандық сотының төрағасы.

Баспасөз конференциясы соңында Сырдария аудандық сотының төрағасы Руслан Алдамбергенов БАҚ өкілінің сауалдарына жауап беріп, ұжымның жыл бойы атқаратын мақсат-міндетін айқындады.


Балтабай ОРДАБЕКОВ
11 қаңтар 2024 ж. 284 0