Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шамнан шырақ жаққан ұстаз

Шамнан шырақ жаққан ұстаз

Құт қонған киелі мекен Ақ­жарма ауылында білімнің биік шыңына шық­қан қаншама шәкірт өмірден өз орнын тапқан. Оқушысына тағы­лым беріп қана қоймай, жұталмас тәрбиеге бау­литын ұлағатты ұстаз Айнұр Оңғарова №130 Абай атындағы орта мектепте 23 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ұстанымы берік, үнемі ізденісте жүретін мәртебелі мұғалім білім ошағында тарих және құқық негіздері пәнінен сабақ береді. Дүниежүзі мен еліміздің тарихын тереңнен зерделеген аяулы жан өз ісінің білгірі ретінде көпшілік алғысын арқалаған.

25 жасында ақжармалық Самат Нұртаймен шаңырақ көтерген Айнұр Болатқызы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Облыс орталығындағы іргелі білім ошағы №10 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептен білім алған кейіпкерім мұғалім мамандығын таңдауды мақсат етеді. Сондықтан тәуелсіз «Сейхун» институтын тарих пәні бойынша бітіріп шығады. Ең алғашқы еңбек жолы облыстық оқу-әдісте­мелік және мектептен тыс жұмыстар орталығының туризм және өлкетану бөлімі­нен басталса, кейіннен №144 Сақтапберген Әлжіков атындағы орта мектепте жас ұстаз өзін сан бағытта жетілдіріп отырады.

– Шын мәнінде, шығармашыл ұстаз үшін шәкірт тәрбиелеу – нағыз жауапкершілікке толы жұмыс. Әрқашан білім мен білікті шыңдай отырып, өз ісіне адал бола білген дұрыс. Болашақтың жарқын өкілі саналатын кез келген жас ұрпаққа сапалы білім беру­ге ұмтыламын. Педагог-модератор ретін­де әрбір әріптесіммен тәжірибе алмасып, жетістік жолында аянып қалмаймыз. Сыр салысымен аты шыққан ауылымызда оқуға бейім жас буын баршылық. Әрине, педагогикалық құ­рамның қатарында болып, жаңашылдыққа бейім екен­дігімізді байқа­тамыз. Бүгінде мектеп бағдарламасына елеулі өзгеріс енген. Жаңа әдіс-тәсілді қолдана отырып, кешенді білім жүйесіне иек артамыз. Қазақ ұлтының сан ғасырлық тарихына зерттеу жүргізіп, өткен мен бүгінгі күнді барынша байланыстырамыз. Құқық негіздері пәнінен оқушыны елімізде қабылданып жатқан заңдар негізінде дәріс береміз. Оқушының құқықтық сауатын арттырамыз, – дейді білікті ұстаз.

«Бала – бал­қы­тылған алтын» деп ұлы педагог Константин Ушинский айтқан болатын. Айқын бағыттан таймайтын Айнұр Болатқызының көптеген оқушысы бірнеше білім бәсекесінде топ жарып жүр. Мәселен, Нұрасыл Саматұлы, Мерей Бақытбек секілді бірнеше шәкірті білім олимпиадасынан топ жарған. Сонымен қатар өткен жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жоба байқауының аудандық кезеңінде «Тарих» секциясынан жүлделі II орынмен Әнел Серік марапатталған. Шәкіртін шыңдап жүріп, өзі де республикалық олимпиададан жүлделі ІІІ орын алған ұстаз әр жылы то­лағай табысқа қол жет­кізген.

– Әріп­те­сім Айнұр Бо­лат­­қызын өз ісіне тиянақты, әр­бір жұмысқа жа­уап­кер­шілікпен қа­рай­тын жан ретінде бі­ле­мін. Әр дәріс барысында сабақ жоспарын асқан ыжда­ғат­ты­лықпен дайындап, өз ісіне мығым екенін байқата алады. Күнделікті са­бақта көрнекілікті тиімді пайдаланып, оқушымен жан-жақты қарым-қатынас орната­тындығын жоғары баға­лаймын. Ашық сабақ кезінде сан түрлі әдіске иек артып, бала қабілетін ашуға назар аударады. Әркез аяулы ұстаздың жұмысына қызыға қараймыз, – деді №130 Абай атындағы орта мектеп дирек­торының бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары Жолдасбек Орынбаев.

Үйдегі арқасүйер азаматы Самат Нұртай ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді. Ерлі-зайыпты 3 ұл мен 1 қызды дүниеге әкеліп, жарасымды отбасына айналған. Осы күні ардақты ұстаз сынып жетекші ретінде 25 оқушының үздік болып, мақтанышына айналуына барын салуда.

– Биыл «Ақбота» зияткерлік олимпиадасынан оқушым Дәу­лет Абдулахмет, Сая Дауылқожа, Інжу Шакизадаева, Айару Әділбек, Фархад Есқанатұлы тарих пәні бойынша III дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал республикалық «Тарих ата» олимпиадасында Ұлжан Жақсы­лықова, Ғажайып Сапарбекова, Нұрсезім Қошуақ I дәрежелі диплом алып, даралана білді. «Сындарлы оқыту әле­міне оң қа­дам» кі­тап­ша­сын шы­­ғарылған бо­ла­тын. Кітапшаға «Мек­­тептегі тә­жірибе ке­зе­ңінде орындауға арналған тап­сыр­­ма­ларға қа­тысты бір­лескен таныстырылым бойынша рефлексия» тақыры­бындағы баяндамам жарыққа шықты. Бірқатар әріп­тесіммен бірге «Қазақ­стан тарихын оқы­ту­дағы рөлі» атты кі­тап­шаға әдіс­темілік құрал бағы­­тын­дағы маз­мұнды материалды жи­нақтай білдік. Халық ба­ла­сын оқытуда озық тәжі­ри­беге сүйенеміз, – дейді өз ісінің білгірі.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
13 шілде 2024 ж. 162 0