Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз

Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз

«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуе­лі мектепке керегі — білімді, педагогика, методикадан хабар­дар, жақсы оқыта біле­тін мұғалім» деген екен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы.

Өскелең ұрпаққа тәлімді тәрбие мен сапалы білім беруде жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабы зор. Қоғалыкөл ауылының №44 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Гүлнар Әмзеева – саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнап келе жат­қан ардақты ұстаздың бірі.

40 жылға жуық ұстаздық қызметін абырой­мен атқарып жүрген ұлағат­ты ұстаз 1963 жылы Ақмола облысын­да дүниеге келген. Бала күнінен мұғалім болуды армандаған Гүлнар Қадырқызы қазіргі Жақыпбек Маханбетов ауылының №143 орта мекте­бін­де білім алған. Білімге жаны құштар кейіпкеріміз мектепті аяқтап, 1980 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда мемлекеттік педагоги­калық институтының математика бөлі­мі­не оқуға түсіп, бала кездегі арма­ны­на жақындай түседі. Жоғарғы оқу орнын бітіріп, институттың жолдамасымен алғашқы еңбек жолын Қоғалыкөл ауылындағы №44 орта мектепте математика пәні мұғалімі болып бастады.

Гүлнар Әмзеева – тәжірибелі де білімді, мектеп тарихында өзіндік қолтаң­басын қалдырған кәсіби ұстаз­дардың бірі. Адамгершілік қасиетті бәрінен жоғары қоятын педагог өз ісіне үлкен жауапкершілікпен, тиянақтылықпен қарайды.

Абырой биігін­дегі ұстаз бүгінде қызметімен қатар отбасын қатар алып жүрген сүйікті жар, аяулы ана, қамқор әже. Жұбайы Зияд Мотишовпен 1988 жылы шаңырақ көтеріп, 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсіріп, оқытып, құтты орын­дарына қондырып, ата-аналық парызын өтеп, сыйластығы жарасқан отбасының ұйытқысы болып отыр. 6 немеренің қызығын көріп отырған ерлі-зайыпты өмірі мен қызметін бір арнаға тоғыстырып, осы салада бірге қажырлы еңбек етіп келеді.

Ардақты ұстаздың білім мен тәр­бие беру­дегі тынымсыз еңбегі баға­ланып, құрмет төрінен көрініп келеді. Атап айтқанда, 2018 жылы Сырдария ауданының әлеуметтік-эконо­микасының дамуына елеулі үлес қос­қаны үшін ауданның 90 жылдық мерекелік медалімен марапатталды. 2021 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің төсбелгісі, одан бөлек облыстық кәсіподақ комите­тінің Құрмет Грамотасы, 2022 жы­лы ҚР Оқу-ағарту министрінің құттықтау хатымен мара­пат­талған. Бұл Гүлнар Әмзееваның ұстаздық жолында жеткен жетістіктерінің тек бір бөлігі ғана десек болады. Білікті педагогтың шәкірттері де ұстаздың елеулі еңбегін ақтап, «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегері атанып, түрлі байқауларда бақ сынап, жетістіктерге жетіп жүр. 2022-2023 оқу жылында шәкірттері Ақбота Тоқтарбай, Мерей Жалғас «Алтын белгі», ал Нұрай Бауыржанқызы, Ақниет Ғабитқызы, Айым Сансызбайқызы, Айша Тоқтарбай «Үздік аттестат» иеленді. 2023-2024 оқу жылында 9-сынып оқушысы Еңлік Абайқызы халықаралық «Кенгуру – математика» конкурсында І орын иеленіп, мектептің мәртебесін көтерген болатын. 2023-2024 оқу жылында 11 сынып оқушысы Айым Исламбек «Алтын түлек» олимпиадасында облыстық кезеңінде І орын, республикалық кезеңінде ІІІ орын иеленді. 10 сынып оқушысы Гүлім Аймағанбетова «Ауыл олимпиадасының» аудандық кезе­ңінде І орын, облыстық кезеңінде ІІІ орын иеленді. Тәжіри­белі ұстаздың шәкірттері қазіргі таңда Қазақстанның түкпір-түкпірінде түрлі салада қызмет етіп, еліміздің дамуы мен өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүр.

Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен, тарихтағы ең ұлы істер­дің бірі екені айқын. Оқушыларға тәлім-тәрбие мен білім нәрін сусын­датып, игілікті істің жаршысы болып жүрген ұстаздарымыздың еңбегі өлшеусіз. Қарапайым ауыл мектебін­де қажырлы еңбек етіп жүрген Гүлнардай ұлағатты ұстаз­дары­мыздан үйренеріміз көп. Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұлағатты ұстаз­дар қашанда зор құрметке лайық.

Алтынай ҚАЙРАТҚЫЗЫ
18 мамыр 2024 ж. 134 0