Қызылорда қаласында Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
Жәрмеңке таңғы сағат 09:00-де басталып, қала тұрғындарына аудан еңбеккерлері өндірген табиғи әрі сапалы өнімдер нарықтағы бағадан 15 пайызға төмен бағамен ұсынылды. Жәрмеңке азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету және жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында өткізілді.
Жалпы, жәрмеңкеге ауданнан 42 көлікпен 30 түрлі ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімінен 104 тонна өнім жеткізілді. Оның ішінде 13 тонна күріш, 11 тонна жем, 22 тонна картоп, 15 тонна жуа, 8 тонна сәбіз, 11 тонна асқабақ, 1 тонна қырыққабат, 24 тонна қарбыз және басқа да өнімдер бар. Өнімдер қаладағы «Мәңгілік алауы» алаңында тұрғындарға ұсынылды.
Сонымен қатар, жәрмеңке барысында ет және балық өнімдері, жеміс-жидек пен көкөністер де сауда сөрелерінен орын алды. Аудан шаруалары өз өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынып, қала тұрғындары сапалы өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алды.
Жәрмеңке барысында санитарлық талаптар сақталып, тұрғындарға қолайлы сауда жасауға қажетті жағдайлар қамтамасыз етілді.










