Дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуде
«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Сырдария аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Аманкелді ауылдық дәрігерлік амбулаториясы 1987 жылы (алғашқы аурухана 1958 жылы салынған. 2000 жылы ғимарат орны ауысты. Сыйымдылығы – 15 орындық күндізгі аурухана.
Дәрігерлік амбулаторияға 2016 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сол жылдан бері жөндеу көрмеген.
Көптен бері аудан әкімінің кездесулерінде ауылдық емхана ауыл тұрғындарының, емхана қызметкерлерінің айтылып келе жатқан күрделі мәселесінің бірі болатын. Аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлының қолдауымен биыл 2023 жылдың желтоқсан айында күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Жөндеу жұмыстарын «ПУЛЬС» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде.Күрделі жөндеу жұмыстарына терезе алмастыру, шатырды толықтай алмастыру, ішкі-сыртқы қабырғаларын түсіріп қайта қалыпқа келтіру, еденді толықтай алмастыру жұмыстарын жүргізілетінін жеткізді.
Қазіргі кезде емханының қоршау жұмыстары мен мекеменің сыртын сайдинг қаптамасымен қаптау жұмыстары жүргізуде.
Аманкелді а/о әкімдігі