Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті

Қызылордада ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті

 Қызылорда қаласының М.Ералиева атындағы мәдениет үйінде «Заңды тұлғалар бірлестігі салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоцациясы» мекемесімен бірлесіп, «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының «Сұхбат ТІМЕ» жобасы аясында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай ауған соғысына қатысқан ардагерлерімен кездесу кеші өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Кездесу кешіне облыстық «Қызылорда-Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбіш Сәбит Ыдырысұлы, Қызылорда облысының «Ауғанстандағы соғыстың мүгедектері мен ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ақтаев Алмат Пернебайұлы, Ардагерлер одағының «Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Орынбайұлы ,Қалалық «Чернобыль» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шахатов Жұмабек Алиханұлы, «Германиядағы кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің тобы» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігі филиалы директоры Шүренов Алтынсары  қатысты.

Шара барысында «Тәжік –Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Орынбайұлы, Қызылорда облысының «Ауғанстандағы соғыстың мүгедектері мен ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ақтаев Алмат Пернебайұлы сөз сөйлеп, бейбіт өмір үшін соғыста қаза тапқан батырларды еске алып, бір сәт үнсіздік жарияланды.

Кездесу кешінде патриоттық әндер шырқалып, кеш қонақтарына концерттік бағдарламаны тамашалады.
29 мамыр 2024 ж. 146 0