Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл

Бүгін аудандық жастар ресурстық орталығында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауғанның отты жылдары» атты ардагер-жауынгерлерімізбен кездесу кеші өткізілді.

Кештің мақсаты ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады.

Кездесуге Сырдария аудандық «Ауғанстан соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің» төрағасы Нарымбетов Жұмаділда Оспанұлы мен Арғынбаев Гәрімжан Назарұлы қатысып, Ауғанстандағы әскери қызметі туралы естеліктермен бөлісті. Кездесу барысында "Жас құтқарушы" мен "Жас сарбаз" ұйым өкілдері қатысып, ардагерлер автоматты бөлшектеу және жинау бойынша сынға түсті.

Жас буынға ауған ардагерлерінің өжеттігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу әрқайсымыздың қасиетті борышымыз.
08 ақпан 2024 ж. 725 0