Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Ауған асуында от кешкендер

Ауған асуында от кешкендер

Қызылорда гарнизонында «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы, Республикалық қоғамдық бірлестіктің Қызылорда облыстық филиалы мүшелері «Болашақ» университеті ұжымымен бірлесе «Ауған асуында от кешкендер» тақырыбындаАуған соғысының ардегерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуге Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің Қарулы Күштер ардагерлерімен жұмыс қызметінің бастығы, майор Ерлан Абдуллаев, «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ауған соғысының ардагері Қайраддин Баймахановпен «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлібек Жаров және басқа да бірқатар ұйымдастырушы лауазымды тұлғалар қатысты.

15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні. Биыл осы атаулы күнге 32 жыл толып отыр. Осыған орай ұйымдастырылған мерекелік кездесу сұрақ-жауап түрінде өрбіді. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарына толықтай жауап алды. Ардагерлер өздерінің бастан кешкен оқиғаларын жастарға жеткізіп, мұңмен еске алды. Әңгіме барысында қазіргі жастардың патриоттық тәрбиесі туралы әңгіме қозғалып,болашақ жастарды отансүйгіштікке, қайсарлыққа, білімге тәрбиелеу жолдары да сөз болды.

- Соғыс уақытында қаза болған жауынгер достарымызды еске алу парызымыз. Соғыстың аяқталғанына биыл 32 жыл өтсе де, болған көріністер әліде көз алдымызда. Жастарымыз осындай тарихпен мақтануы тиіс.Жауларынан жан аямай елін қорғаған, Ауған жерінде қан кешкен майдангерлерімізді құрметтеу – ұрпақ міндеті. Ешкім де ұмыт болмайды, – деді «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлібек Жаров.

Жиын соңындаҚызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті Қарулы Күштердің ардагерлерімен жұмыс қызметінің бастығы, майор Ерлан Абдуллаев «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлібек Жаровқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің арнайы алғыс хатын табыстады.

Іс-шарада барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормалар сақталды.

Мұхит Қонаров,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы,
сержант



19 ақпан 2021 ж. 210 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам