Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті
Бүгін аудандық партия филиалының мәжіліс залында партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Отырысты аудандық партия филиалының төрағасы Ержан Әжікенов ашып, жүргізді. Комиссия отырысына комиссия мүшелері, сала басшылары және партия қызметкерлері қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Партияның сайлауалды бағдарламасындағы спорт және туризм саласына қатысты индикаторларының орындалу барысы туралы;
2. Партияның сайлауалды бағдарламасындағы мәдениет саласына қатысты индикаторлардың орындалу барысы туралы;
Күн тәртібіндегі мәселелер бекітілгеннен кейін хабарламашыларға сөз берілді. Бірінші мәселе бойынша Сырдария аудандық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің басшысы Бағдат Есенов хабарлама жасады. Филиал төрағасы Ержан Ертарғынұлы хабарламашыға аудан бойынша бөлім балансына алынбаған ойын алаңдарын тездетіп тиісті бөлімдермен бірлесу арқылы заңдастыру керектігін атап өтті. Сонымен қатар, Тереңөзек кентіндегі Усабаев көшесі аумағына балалар ойын алаңын салу туралы зерделеу жұмыстарын тиісті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізуді ұсынды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Төралиев Жеңісбек Үсенұлы хабарлама жасады. Хабарламашы өз баяндамасында сайлауалды бағдарламаның орындалу барысы туралы атап өтті. Отырыста комиссия мүшесі А.Есназар тарапынан аудандық мәдениет үйі жанындағы автотұрақты асфальттау, әжетхананы реттеу және дыбыстық күшейткіш аппартураларды жаңарту бойынша ұсыныс айтты. Өз кезегінде филиал төрағасы Ержан Әжікенов бөлім басшысына тиісті салалармен жұмыстар жүргізуді ұсынды. Сонымен аталған мәселелер бойынша тиісті округтен сайланған депутат Алмас Есназарға депутаттық сауалды аудан әкімдігіне жолдау туралы ұсыныс енгізді.
Комиссия отырысының қорытындысымен тиісті сала басшыларына нақты ұсыныстар беріліп, қаулы қабылданды.