Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын арттыру
2024 жылдың 1-ші тоқсан қорытындысымен Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бойынша мемлекеттік қызметті «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсанда № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет алуға түскен өтініштердің барлығы электронды түрде Е-лицензиялау жүйесі арқылы қабылданып, берілді. Қағаз жүзінде немесе Азаматтарға арналған үкімет парталы арқылы болған жоқ.
2023 жылдың 3 айында «Е-лицензиялау» электронды жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет алуға түскен өтініштер саны – 18, оның ішінде дәлелді бас тарту – 2, қанағаттандырылғаны – 16, заңды тұлғадан – 14, жеке тұлғадан – 2. Барлық өтініштерге уақытылы жауап берілді.
Берілген рұқсат құжаттары – 18. Оның ішінде: Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі бойынша көрсетілген қызмет саны – 10. Берілген рұқсат құжаты – 8, құжаттары толық ұсынылмағандығы үшін берілген дәлелді бас тарту –2.
Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібімен көрсетілген мемлекеттік қызмет саны-8. оның ішінде санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды – 6. Санитариялық-қорғау аймағының, санитарлық-қорғау аймақтарының нормативтік құжаттамаларының жобалары бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды – 2.
Мемлекеттік қызметті көрсету жұмыстарын арттыру мақсатында санитарлық ағарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден