Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын арттыру

Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын арттыру

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бойынша мемлекеттік қызметті «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсанда № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет алуға түскен өтініштердің барлығы электронды түрде Е-лицензиялау жүйесі арқылы қабылданып, берілді. Қағаз жүзінде немесе Азаматтарға арналған үкімет порталы арқылы болған жоқ.

2023 жылдың 3 айында «Е-лицензиялау» электронды жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет алуға түскен өтініштер саны – 12, оның ішінде өз өтініші бойынша қараусыз қалдырылғаны – 5, дәлелді бас тарт – 1, қанағаттандырылғаны – 6, заңды тұлғадан – 10, жеке тұлғадан – 2. Барлық өтініштерге уақытылы 10 жұмыс күн ішінде жауап берілді. 2022ж барлығы 100, өз өтініші бойынша қараусыз қалдырылғаны – 35, дәлелді бас тарту – 31, қанағаттандырылды – 52 жеке тұлға – 25, заңлы тұлға – 27).

Берілген рұқсат құжаттары – 7. Оның ішінде: Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі бойынша көрсетілген қызмет саны – 2. Берілген рұқсат құжаты  – 1, құжаттары толық ұсынылмағандығы үшін берілген дәлелді бас тарту – 1.  

Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі – 2. Санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі – 3.  

Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын арттыру мақсатында санитарлық ағарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы

Фото: ашық дереккөзден
10 сәуір 2023 ж. 349 0