Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Семинар-кеңес өтті

Семинар-кеңес өтті

Бүгін, Сырдария аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының 10 наурыз 2022 жылғы №28-нқ бұйрығына сәйкес, басқарма мамандарының ұйымдастыруымен «Атамекен» Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Сырдария аудандық филиалының мәжіліс залында «Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсанындағы №336/2020 бұйрығын талқылауп, түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске аудан кәсіпкерлері, кәсіпкерлік нысан қызметкерлері мен сатушыларына және аудан тұрғындары қатыстырылды.

Кеңес барысында Басқарманың бас маманы Г.Тусмаганбетова қызмет алушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды е-гов, е-лицензиялау парталы арқылы халыққа қызмет көрсету орталығынан немесе өз үйінде отырып, электронды өтініш беруге болатындығы түсіндірілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлер тарапынан қойылған сауалдарға толық жауап берілді.
11 наурыз 2022 ж. 952 0