Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елімізде жаңа мемлекеттік қызметтер көрсетіледі

Елімізде жаңа мемлекеттік қызметтер көрсетіледі

«Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру үшін Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Атап айтқанда, тізілімге жаңа мемлекеттік қызметтер енгізілді:

Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтерді көрсетуге лицензия беру;

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру.

Сондай-ақ, тізілімде «Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру» мемлекеттік қызметі қайта құрылды.

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін регламенттеу үшін:

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 3 қарашадағы №ҚР ДСМ-126 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 қарашада №30407 болып тіркелді);

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 18 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 қаңтарда № 31805 болып тіркелді) бекітілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлігінде НҚА қолданысқа енгізілетін күн:

– «Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру» - 10 қаңтар 2023 ж.;

– «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» - 2 сәуір 2023 ж.;

– «Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтерді көрсетуге лицензия беру» - 2024 жылғы 1 шілдеден бастап.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мерзімі мен тәртібі:

«Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтерді көрсетуге лицензия беру» – 15 жұмыс күні, лицензияны қайта ресімдеу – 3 жұмыс күні.

2014 жылға дейін бұрын алынған лицензиялар жарамсыз болып табылады, өйткені олар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағымен жойылды.

Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау қызметтерін көрсетуге лицензияны жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалар ала алады.

«Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабында белгіленген 10 АЕК мөлшерінде ақылы негізде жүзеге асырылады.

«Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру» – 13 жұмыс күні.

Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оларға қосымшалар биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссияның (режимдік комиссияның) қорытындысы негізінде меншік нысанына қарамастан микробиологиялық зертханаларға беріледі.

Рұқсат беру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бекітілген Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын және патогенділігі I – IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсаты бар субъектілер рұқсаттарды 2023 жылғы 23 мамырға дейінгі мерзімде қайта ресімдеуге міндетті.

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» – 10 жұмыс күні.

Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама, гигиеналық оқыту, санитариялық-эпидемиологиялық аудит, дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы ұйымдарда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы тәуекелдерінің дәрежесін бағалауды қамтитын еңбек міндеттерін орындайтын отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері мен жеке тұлғалар немесе сертификат алуға үміткер сертификаттауға жатады.

Сертификаттау курсы туралы куәліксіз және бағалау жөніндегі ұйым берген кәсіптік даярлықты бағалаусыз халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы еңбек міндеттерін жүзеге асыратын маман бастапқы сертификат беруге жатады.

Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетуді Комитеттің аумақтық департаменттері жүзеге асырады.
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
27 наурыз 2023 ж. 198 0