Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік – қоғам қажеттілігі

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік – қоғам қажеттілігі

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәуелсіз мемле­кеті­міздің стратегиялық дамуының негізгі басым­дықтарының бірі екендігін айрықша айтқан болатын.


Бизнеске кедергі келтіру бюджет түсімдерінің азаятынын білдіретіні сөзсіз. Дәлірек айтқанда, әлеуметтік қолдаудың төмендеуі деуге болады. Атап айтқанда, білім беруші мекемелер, мектептер мен ауруханалардың құрылысын тоқтату, зейнетақы мөл­шерін төмендету, халықтың мұқтаж санаттарына арналған жәрдемақы, әлеуметтік тұрғын үй салу және т.с.с.

Тағы бір маңызды мәселе – ел экономикасына салынатын инвестиция­лардың өспеуі немесе қысқаруы. Сыбайлас жемқорлық елді шетелдік инвесторлар үшін тартымсыз ететіні белгілі. Ал ұлттық кәсіпкерлер өз қаражаттарын заңмен қорғалатын басқа елдерге инвес­тиция салуды жөн деп санайды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Респуб­ликасының Заңы осы саладағы қоғам­дық қаты­настарды рет­тейді және еліміздегі сыбайлас жем­қорлық­қа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған. Аталмыш Заң Қазақстан Республи­касының аумағында жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодек­сінде, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзу­шылықтар үшін әкімшілік жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде қарас­тырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу төменде көрсетілген міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:

1. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;

2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақ­тастықты дамыту;

5. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзу­шылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру.

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқа­ратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар, лауа­зымды адамдар өздерінің жақын туыс­тары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты болатын лауазымдарды атқара алмайды, сондай-ақ, жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы да Заңда анық айтылған.

Жақын туыстар деп ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), атасы, әжесі, немерелері, жекжаттары деп жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары мен балалары түсініледі.

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын азаматтарға, мемлекеттік функцияларды орын­дауға уәкілеттік берілген адамдарға теңес­тірілген адамдарға, лауазымды адамдарға, мүдделер қақтығысы орын алған жағдай­да, лауазымдық міндет­терді жүзе­ге асыруға тыйым салынады.

Жалпы алып қарағанда, сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган, сонымен қоса, сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілері: мемлекеттік органдар, квази­мемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық бірлес­тік­тер, сонымен қатар, өзге де жеке және заңды тұлғалар жатады.

Қазақстан Республикасы Прези­дентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлы­ғымен «Қазақстан Респуб­ли­касының сыбайлас жемқорлыққа қар­сы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілген.

Жобалық басқару шеңберінде әрбір мемлекеттік орган үшін сыбай­лас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл бойынша үлгілік базалық бағытын енгізу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үйлестіруші бағыты күшейтілді. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, сондай-ақ мемлекеттік функ­ция­­ларды орын­дауға уәкілеттік берілген, оларға теңестірілген адамдарға және олар­дың отбасы мүшелеріне қызметтік міндеттерін атқаруына байланыс­ты сый­лық­тарды алуға және сыйға тарту­ға толық тыйым салу көзделген.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде аза­мат­тық қоғамды шешімдер қабылдау процес­теріне тарту үшін тиімді инсти­ту­ционалдық-құқықтық негіз қалып­тас­ты.

«Е-Өтініш» арнаулы сервисін енгізу ар­қылы азаматтардың жолда­ным­да­ры­мен жұ­мысты қайта іске қосу жүзеге асырылды, ол шағымдарды ыңғайлы және жылдам беруге, олар­дың қаралуын онлайн-режимде қадағалауға мүмкіндік береді. Сыбай­лас жемқорлық қылмысын жаса­ған адамдар үшін мемлекеттік қызмет­ке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орна­ласуға өмір бойына тыйым салу қолданылады. Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандарға мерзі­мінен бұрын шартты түрде босату мүмкіндігі алынып тас­талды.


Бүгінгі қоғамда сыбайлас жем­қорлыққа орын жоқ. Қоғамның бар­лық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын пайда­лан­сақ қана осы құбылысқа қарсы тұрып, тосқауыл қоюға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы (ұстанымы) деп білген жөн.

Алмат СӘДУАҚАСОВ,
аудандық кәсіпкерлік және
өнеркәсіп бөлімінің басшысы
Фото: Н.Нұржаубай
13 сәуір 2024 ж. 156 0