Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТҚА ДЕГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ӨСКЕНІ БАЙҚАЛАДЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТҚА ДЕГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ӨСКЕНІ БАЙҚАЛАДЫ


Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Берікбол Байхожаев мәлімдеді.

  Онда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама» көрсеткіштеріне тоқталды.
  Сондай-ақ, әлеуметтік зерттеу қорытындысы шықты. Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын орындаудың бірінші кезеңінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа деген әлеуметтік қолдаудың өскені байқалған.
   "Мәселен, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сенім деңгейі 2015 жылы 57,9% (2013 жылы - 52% болған), орталық мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына – 64,8%, жергілікті атқару органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына – 51% құраған болса, 2017 жылы 2015 жылмен салыстырғанда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сенім білдірген азаматтар үлесі 17,9%-ға өсті (55,5%-дан 73,4%-ға). Зерттеу қорытындысына сәйкес азаматтардың басым көпшілігі, яғни 81,4% сыбайлас жемқорлыққа жағымсыз қараса, сауалнамаға жауап берушілердің 55,5%-ы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуде өзінің жеке үлесін қосуға дайын екендігін білдірген", - деді Б.Байхожаев.
20 мамыр 2018 ж. 2 471 1

Гость JeaOrer от 4 наурыз 2019 13:05
Cheap Seroquel No Prescription Viagra Lichtschalter Kaufen generic levitra 20mg Symptomatiques. Propecia Finasteride 5mg