Қадірлі қарияға құрмет көрсетті
Жалағаш АПб бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелері ІІО-ның ардагері, отставкадағы милиция капитаны Өтеген Күнтуаровты мерейлі 70 жасқа толуына байланысты, оны отбасына барып құттықтады.
Күнтуаров Өтеген ІІО қызметін 1974 жылы Жалағаш АІІБ-нің жанындағы күзет бөлімшесінің милиционері болып бастаған. Ол орта арнаулы милиция мектебін оқып бітіргеннен кейін учаскелік инспектор, аға кезекші-инспектор лауазымдарын абыроймен атқарып милиция капитаны арнаулы шенімен отставкаға шықты.Ол ІІО-да қызметкет еткен кезінде бірнеше медаль,төсбелгі және Құрмет Грамоталармен марапатталған.
Өтеген Шәкенұлын мерейлі жасымен құттықтаған әріптес іні-қарындастары оған Қызылорда облыстық ІІО мен ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы,ПД бастығының кеңесшісі Серікбол Тұңғышбай Қуатбайұлының құттауын және "Офицердің әкесі"төсбелгісін тапсырып, ұлттық жоралғымызбен шапан жауып сый-сияпат жасады.
Күнтуаров Өтеген Шәкенұлы ағамыз Құдай қосқан қосағы Патимаш жеңгеміз екеуі отбасында бірнеше ұл-қыз тәрбиелеп өсірді.Олардың арасында әке жолын таңдаған іні-қарындастарымыз да бар.Атап айтқанда полиция подполковнигі Күнтуарова Эльмира Өтегенқызы бүгінде облыстық ПД тергеу басқармасында бөлім бастығы лауазымында қызмет етсе,әділет капитаны Шәкен Талғат Өтегенұлы ҚАЖ саласында қызмет етеді.Ал,ағамыздың немересі Диас Талғатұлы ТЖМ академиясының 2-курсында оқитын болашақ офицер.
Мерейлі 70 жасқа толған ағамыз Өтеген Шәкенұлын тағы да құттықтай отырып оған жалағаштық әріптес іні-қарындастарының атынан "Құдай қосқан қосағыңыз Патимаш жеңгеміз екеуіңізге әлі де ұзақ жылдар ұл-қыздарыңыз бен немере-шөберелеріңіздің қызығын көріңіздер!"деген ақжарма тілегімізді жолдаймыз.