Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕҢІМПАЗ ЖАУЫНГЕР

ЖЕҢІМПАЗ ЖАУЫНГЕР

Болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі үшін күрескен арқа сүйер ардагерлерді ұлықтау, құрметтеу –бүгінгі саналы ұрпақтың парызы. Отан үшін от кешкен жауынгерлер қандай да құрметке лайық. олар Теңдессіз ерліктің күшімен өскелең ұрпаққа бейбітшілік әкелген. олардың қатарында Ұлы Отан Соғысының ардагері 94 жастағы махамбет Бержанов та бар.
М.Бержанов Соғыс кезінде Забайкал әскери округі 36-шы армиясының 293-ші атқыштар полкінде Чита облысында әскери борышын атқарып, 1945 жылы жапон соғысына қатысқан. Ұлы Отан соғысы жылдарында «Жапонияны жеңгені үшін» I дәрежелі орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Кеңес милициясына - 50 жыл» медалімен наградталып, «Үздік қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
Отставкадағы милиция полковнигі Маханбет Бержанұлы 1925 жылы Жалағаш ауданы Еңбекші ауылында дүниеге келген.
1948 жылы майданнан оралғаннан кейін, осы жылдың маусым айынан бастап, 1953 жылдың наурыз айына дейін Жалағаш және Қармақшы аудандық милиция бөлімінің кіші жедел уәкілі қызметінен бастаған. Одан кейін 1954 жылдың маусым айына дейін КСРО ІІМ-нің Алматы қаласындағы мектебінің тыңдаушысы болған. 1954 жылдың маусым-тамыз айында Арал аудандық милиция бөлімінің №585 арнайы комендатурасының коменданты, 1963 жылдың ақпан айына дейін Арал және Жалағаш аудандық милиция бөлімінің аға жедел уәкілі, сонан соң Сырдария аудандық милиция бөлімінің аға жедел уәкілі және Сырдария аудандық милиция бөлімі бастығының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған. 1975 жылдың мамыр айынан бастап Қармақшы АІІБ-нің бастығы қызметінде болып, 1983 жылдың мамыр айында шекті жасқа толуына байланысты ішкі істер органдарынан құрметті демалысқа шыққан. Бүгінде соғыс және еңбек ардагері Махамбет Бержанов тыныш заманға тәубе етеді.

Мая ҚОЖАБАЙ
09 мамыр 2019 ж. 1 389 0