Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қарақу қандай құс?

Қарақу қандай құс?

Әлемде 31 отрядқа топтасатын 8000-нан аса құстың түрі бар. Негізінен құстарды «Орнитология» ғылымы зерттейді. Омыртқалы жануарлар тип тармағының класына жататын құстардың өзіндік мекен ететін жерлері болады. Мәселен, махаббат символына айналған аққу еліміздің бірнеше өңірінде жарасымды жұбымен жиі кездеседі. Ойлы оқырман қарақу құсы жөнінде бұрын-соңды мүлдем естімеген болар. Республика аумағында тек арнайы саябақтарда кездесетін қарақу құсы Аустралия елінде тұрақтап қалған деседі.


Қарақу үйректектес отбасына жатқызылады. Ол – аустралиялықтармен қатар, Тасмания және Жаңа Зеландия елінің азаматтарының сүйікті құсы саналады. Оны аққумен салыстыруға келмейді. Құс падишасы саналатын аққу қасиетті құс ретінде бағаналады. Қарақу жөнінде мәлімет іздестіре келе қызықты бірнеше ақпаратқа қанықтық. Олар жыл құстарының қатарына кірмейді. Себебі, өздері дүниеге келген жерінде өскен қарақулар сол мекенінде қартаяды. Айта кетейік, ересектерінің ұзындығы 110 және 140 сантиметр болса, салмағы 4-8 келі аралығын құрайды. Аталған құс 31-ге жуық мойыномыртқасының көмегімен су астына терең бойлай алады. Қоректенетін жемтігін оп-оңай таба алады.


Құстың кескін-келбетіне сипаттама беретін болсақ, олардың қанаттарының астындағы жүні бұйра болып келеді. Тұмсығы қызыл, айналасы ақ сақинамен көмкерілген. Көздері ашық қоңыр, сарғылт екені дәлел­денген. Бір қызығы аққу мен қарақу көбіне бір-бірімен сыйыса бермейді. Көбіне қарақудың аталығы аққуды өз тобына жолатпайды. Сонымен қатар аққуларға қарағанда болмысы бөлек құстың дауысы ащы шығады.


Қарақу құсын елімізде кезіктерген жандар баршы­лық. Алматы мен Шымкент қалаларына жерсінген қарақу­дың өзге құстардан табиғаты бөлек. Орта ғасырдан бастап тіршілік ететін құстың сіз бен біз білмейтін құпиясы көп. Егерде үлкен қалаларда қарақу құсын көрген оқырман болса, біз ұсынған ақпаратты еске алады деп сенеміз.

Балтабай Ордабеков
Фото: ашық дереккөзден
27 ақпан 2024 ж. 354 0