«Сыр құсы» өндірістік кооперативі жұмысымен танысты
Бесарық ауылына сапарында аудан әкімі Берік Сәрменбаев «Сыр құсы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жұмысымен танысты.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы қаржыландырылған жоба жұмысымен кооператив басшысы Жасұлан Тұрлыбеков таныстырды.
«Сыр құсы» АӨК 2023 жылы бағдарлама арқылы 27,6 млн. теңге алған. Сол арқылы 3000 бас ет бағытындағы құс етін өндіру жобасын жүзеге асыруда. Оның қуаттылығы – 40 күнде 8-9 тонна ет өндіру. Бүгінгі таңда 2 кепеде ет бағытындағы 3000 тауық және 1 кепеде 1500 бас балапан бағылуда.
«Абай-Дәулет» ЖШС-нің директоры Мұрат Сәрсенбаев өндірістік бағыттағы жұмыстарға ерекше басымдық беріліп жатқанын жеткізді.
Аудан әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында тұтынушы мемлекеттен өндіруші мемлекетке айналу керек деген тапсырмасына тоқталып, осы бағыттағы жұмысты жандандыруды атап өтті. Сондай-ақ, тауық еті өнімдерін жергілікті тұрғындардың тұтынуына жағдай жасау керектігін айтты.
Айта кетейік, бүгінде өндірістік кооперативте 3 адам жұмыспен қамтылған.
@Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі