Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Зеландия Аустралиядан туын ауыстыруды талап етті

Жаңа Зеландия Аустралиядан туын ауыстыруды талап етті

Әлемде байрағы бір-біріне ұқсас елдер жетерлік. Солардың бірі - Жаңа Зеландия мен Аустралия мемлекеттері. Екі елдің тулары ұқсас. Айырмашылық болғанмен, шатастырып алуың бек мүмкін. Кей спорттық жарыстарда Қазақстанның ескі Әнұраны қойылып кетіп жатады. Ал бұл елдердің тулары ауысып кететін кездер жиі кездеседі.

 2014 жылы Жаңа Зеландия елі туларын алмастыру жайын қолға алды. Референдум өткізіп, жаңа рәміз таңдауға бекінді. Оларға өз туларындағы "Юнион Джек" символы ұнамаған-ды. Алайда байқау жарияланып, жаңа тудың нұсқалары дайын болғанмен, ауыспай қалған болатын.

Түрлі халықаралық конференцияларда да екі елдің тулары ауысып кетіп жатады. Бұл Жаңа Зеландия билігі өкілдерін мезі қылса керек. Бірер күн бұрын елде премьер-министрдің қызметін атқарушы Уинстон Петерс Аустралиядан туын ауыстыру жайын талап етті. - Біздің туымыз қаншама уақыттан бері ресми түрде танылып келеді. Аустралиялықтар бізден көшіріп алған. Сондықтан олар туларын өзгертулері тиіс, - деген TLVZ телеарнасына берген сұхбатында. Жаңа Зеландия қазіргі туларын 1902 жылы ресми түрде бекіткен. Ал Аустралия болса туларын 1954 жылы қабылдаған. Батыстық басылымдардың хабарлауынша, Жаңа Зеландияда Хасинда Ардерн қызметінен кеткеннен кейін Тынық мұхитындағы екі ел арасындағы жағдай шиеленісе түскен көрінеді.

massaget.kz
27 шілде 2018 ж. 1 418 0