Маусымашар бастау алды

Өткір әзіл мен қағытпа қалжыңға негізделген ойын барысында ерекше көзге түскен топтар көрермен көзайымына айналды. Өткен жылы аудандық мектеп лигасының чемпионы атанып, Астана қаласындағы фестивальде өнер көрсеткен №210 Оспан Әбілпаттаев атындағы орта мектеп оқушылары маусыммен қоштасты. Алдағы ойындарында олардың замандастары білім ошағының мерейін тасытатын болады.
– Жыл сайын Сырдария ауданы жастарының өнерін тамашалап келеміз. Әрбір топтың деңгейін білеміз. Осалдық танытқан топтарға бағыт-бағдар көрсетіміз. Болашақта республика көлемінде облыс намысын қорғайтын жас таланттар шығарына сенімдіміз. Әрине өнерпаздарға тынбай еңбек ету керек. Сахна адамды шыңдайды. Еркіндікке үйретеді. Бүгінгі ойын үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтамын, – дейді «Қазақстан КВН Одағы» Қызылорда облыстық филиалының директоры Руслан Тәкісбай.
Балтабай АЯБЕКҰЛЫ