Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА МАУСЫМ АШЫЛДЫ

ЖАҢА МАУСЫМ АШЫЛДЫ


Әзіл әлемінің жас өрендері өткен аптаның сенбісінде жаңа маусымда өнер көрсетті. Ал­дағы уақытта ауданға қарасты мектептерден құралған «Жайдарман» командалары бақ сынайтын болады. Жастар жылының негізгі шараларының біріне айналған мектеп лигасы жаңа есімдерді шығаруға үмітті.
Маусымашар фестивалінде жас жайдарманшылар түрлі әзілмен көпшілік көңілінен шығуға тырысты. Былтырғы жылдың вице-чемпиондары «Тереңград» құрамасы мен «З6 жастары» құрамасы үздік әзілден құралған ойын өрнегін көрсетті. Қалған командалар да маусымашарда өз деңгейлерін байқатты. Айта кететін жәйт, биылғы мектеп лигасының тізгінін Әділ Ерғали мен Айдос Әбілов қолға алған.

«ТТ» ақпарат
28 ақпан 2019 ж. 755 0