Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№76 газет

06 қазан 2026 ж.

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

№74 газет

29 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ЖАС ӘЗІЛКЕШТЕР САЙЫСЫ

ЖАС ӘЗІЛКЕШТЕР САЙЫСЫ


Жақында ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Мирас» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, аудандық мектеп лигасының жартылай финалдық ойындары өтті.
№36 мектеп-лицей құрамасы, №37 мектеп «Smart» құрамасы, С.Сейфуллин құрамасы, №131 Т.Қозыбаев атындағы қазақ орта мектебінің «Тереңград» құрамасы  және  еркін құрама «Мәншүк» құрамасы қатысты. Бұған дейін маусымашар 1/8, 1/4 финалдық ойындары өткен болатын. Аталмыш жайдарман мектеп лигасының жетекшісі Н.Сейітжан екенін айта кеткеніміз жөн. Үш сайыстан тұрған ойында аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ғ.Оралов, аудандық мәдениет үйінің режиссері Ә.Ерғали, мәдениет үйінің маманы Д.Палмахов, білім бөлімінің маманы Ә.Жүсібәлиев және журналист Б.Ордабеков қазылық етті. Ойын қорытындысында №36 мектеп-лицей құрамасы, №37 мектеп «Smart» құрамасы, С.Сейфуллин құрамасы, №131 Т.Қозыбаев атындағы қазақ орта мектебінің «Тереңград» құрамалары  алдағы уақытта мектеп лигасының финалдық ойындарында бақтарын сынайтын болады.

А.МАРАТҚЫЗЫ
25 қыркүйек 2018 ж. 1 671 0