Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰСТАЗДАР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

ҰСТАЗДАР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Жақында «Жастар жылы» аясында мекеме қызметкерлері арасында аудан әкімдігінің қолдауымен Жастар ресурстық орталығы және аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Жайдарман» сайысы өткізілді. Оған «Ұстаздар», «Айдарлы жастары», «Тереңград», «Қалжан ахун жастары», «Жастар» тобы қатысып, өзара бақ сынасты.
Аталған сайыс екі кезеңнен тұрды. Алғаш «Сәлемдесу» бо­йынша әр топ үздік әзілдерін көпшілікке ұсынды. Екінші кезеңде ел көлемінде орын алып жатқан жаңалықты әзілмен ұштастырып, айтып берді. Сонымен қатар әділқазы тарапынан қызықты сауал қойылып, жауап алынды.
Қазіргі таңда аудан бойынша «Жайдарман» ойындарының деңгейі өскен. Әр ауылда жекелеген топтар құрамы жасақталып, өнер көрсетіп жүр. Тағы айта кететін жәйт «Мектеп лигасы» жобасы жыл сайын тұрақты жүзеге асып келеді. «Күлдіре білу – өнер, күле білу – өмір, күлкіге қалу – өлім» деп Сейіт Кеңжеахметұлы айтқандай сапалы әзілдің шығуына арнайы маманның басым бөлігі жұмыс жасауда. Мысалы, «Ұстаздар» тобы білім саласындағы кез келген мәселені басты назарға қойып, мектеп өмірімен таныстырды. Өз кезегінде әділқазы алқасы облыстық «Ктк» филиалының директоры Ә.Басаров, облыстық «Жастар ресурстық» орталығының бөлім басшысы Ж. Маханбетов, аудандық «Жастар ресурстық» орталығының директоры Ғ.Оралов, Мәдениет үйінің режиссері Ә.Ерғали, «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Б.Ордабековтің шешімімен жүлделі ІІІ орынды «Қалжан ахун жастары», ІІ орынды «Тереңград», иемденсе, І орынды «Ұстаздар» тобы жеңіп, арнайы кубокты ұтып алды. Барлық қатысушыға диплом мен бағалы сыйлық тапсырылды.

Б.ҚАРАМАНТЕГІ
03 тамыз 2019 ж. 937 0