Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ақберен» байқауының облыстық кезеңі екі оқушыға республикаға жол ашты

«Ақберен» байқауының облыстық кезеңі екі оқушыға республикаға жол ашты

2025 жылғы 21 қазанда өткізілген «Ақберен» Республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі шығармашыл оқушылардың өнерімен ерекшеленді. 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген бұл сайыс 6 негізгі номинация бойынша өткізіліп,ауданымыздан 5 оқушы қатысты.

Рухани құндылық пен сөз өнерін дәріптеген «Ақберен» байқауының облыстық кезеңінде екі үздік оқушымыз І орынды иеленіп, «Ақберен» байқауының республикалық кезеңіне жолдама алды.

«Көркемсөз оқу» бағыты бойынша №132 Т.Айтбаев атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Қаймолдаева Жания жеңімпаз атанды (жетекшісі Гүлзат Амангелдиева).


«Ақындар мүшайрасы» бағыты бойынша №139 орта мектептің 11 сынып оқушысы Айнұр Нұрланқызы жеңімпаз атанды. (жетекшісі Жансая Рүстембекова)

Шәкірттеріміз өздерінің дарындарын танытып, шеберлігімен ерекшеленді. Бұл жетістік — шәкірт еңбегімен қатар, жетекшілерінің бағыт-бағдары мен тынымсыз еңбегінің жемісі.

Жетекшілеріне шығармашылық табыс, ал жас таланттарымызға республикалық додада сәттілік пен шабыт тілейміз!

22 қазан 2025 ж. 274 0